Внимание

Уважаемые Потребители! Если Вы столкнулись с неправомерными действиями со стороны сотрудников, грубостью, незаконными требованиями, бездействием, вымогательством и другими признаками коррупционных правонарушений или у Вас имеются предложения по повышению уровня обслуживания потребителей, просим Вас сообщать об этом по следующим номерам: 8 (727) 245-95-28 almatysu@mail.ru . pressa@almatysu.kz Все материалы, поступающие по «телефону доверия»  записываются на автоответчик и анализируются. По всем фактам будут проведены служебные расследования.

Текст бегущей строки...

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ

Алматы қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тоспа Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, «Тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жыл сайынғы есепті өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №150 бұйрығына сәйкес, 2016 жылғы тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға суды бұру қызметі көрсетулерін ұсыну жөніндегі қызметі туралы есепті өткізу, 2017 жылды 12 сәуір күні сағат 16.00-де, келесі мекен-жайында болатынын хабардар етеді, Алматы қаласы, 8 ықшам ауданы, 82а үй (Алтынсарин даңғылы, Шаляпина көшесінің қиылысы).

*****

Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тоспа Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны келесіні мәлімдейді

 “Delta Bank” АҚ -ның шотын қолдау уақытша тоқтатылғандықтан,Сіздерден сумен жабдықтау кызметініңтөлемдерін  “Qazaq Banki” АҚ -ныңесеп шотына төлеуд ісұраймыз.

Деректемелері

“Qazaq Banki” АҚ

БИН 081 040 020 269

ИИК KZ035449А1398R6005205

БИК SENIKZKA

Кбе 16

*****

Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тоспа Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополиярды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2016 жылғы 20 мамырдағы №86-НҚ «Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тоспа Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 2016-2020 жылдарға арналған су бұру қызметтеріне тарифтердің шекті деңгейлерін және тарифтік сметаны бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, өз тұтынушыларың назарына 2017 жылдың 1 қантардан бастап су бұру қызметтеріне тұтынушылардың топтары бойынша сараланған тарифтердің шекті деңгейлерінің және су бұру қызметтеріне суды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін ақы мөлшерлерінің төмендегі кестелерге сәйкес енгізілетіндігін мәлімдейді.

Су бұру қызметтеріне тұтынушылардың топтары бойынша сараланған тарифтердің шекті деңгейлері

теңге/м3 ҚҚС-сыз

Топтар

Тұтынушылар атауы

Тарифтер

I

- халық

25,71

II

 - тұтынушылардың I-тобына жатпайтын өзге де тұтынушылар

46,97

 

 

Су бұру қызметтеріне суды есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін ақы мөлшерлері

теңге/адам, ҚҚС-сыз

Көрсеткіштердің атауы

Ақы мөлшері

 

Суық суды бұру қызметтеріне ақы

1

Көшедегі су колонкаларынан суды бөлу

19,28

2

Су және кәріз жүйесі бар тұрғын үйлер, ваннасыз

77,13

3

Су және кәріз жүйесі, газы бар тұрғын үйлер, ваннасыз

96,41

4

Су және кәріз жүйесі, су жылытатын ванналары бар, қатты отынмен жұмыс істейтін үйлер

115,69

5

Су және кәріз жүйесі, орталықтандырылған ыстық суы бар, қолжуғыштармен, ыдыс жуғыштармен, душтармен жабдықталған тұрғын уйлер

123,41

6

Су және кәріз жүйесі, ванналары, газ арқылы су жылытқыштары бар тұрғын үйлер

154,26

7

Су және кәріз жүйесі, орталықтандырылған ыстық суы, отыратын ванналары бар, душтармен жабдықталған тұрғын үйлер

150,40

8

Су және кәріз жүйесі, орталықтандырылған ыстық суы бар, ванналармен жабдықталған тұрғын үйлер

215,96

 

Ыстық суды бұру қызметтеріне ақы

1

Жуғыштармен және ванналармен жабдықталған орталықтандырылған суық, ыстық су және кәріз жүйесіне қосылған көппәтерлі тұрғын ғимараттар

92,56

2

Пәтер үлгісіндегі жатақханалар:

 

2.1

Ортақ душтармен

46,28

2.2

Барлық тұрғын бөлмелердегі душтармен

53,99

Құрметті Наурызбай ауданының тұрғындары!

Келісім-шартқа отыру үшін келесі құжаттардың көшірмелері болуы қажет:

  1. Жеке куәлік;
  2. Тіркелген  адам басына ХҚКО-нан мекен-жай анықтамасын акелу;
  3. Жер телімінің жеке меншік иелігінің құқығын растайтын актісі;
  4. Техникалық төлқұжат (жеке тұрғын-үй, саяжай, гараж);
  5. Құқыққұрайтын құжат: сатып-алу келісім-шарты, мирасқор құқығы туралы куәлік; сыйға берукелісім-шарты, тіркелу куәлігі, Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы, жекешелендіру келісім-шарты;

Барлық сұрақтар бойынша Сіз «Алматы Су Холдингі» МКК Тұтынушыларға қызмет көрсету Орталығына жүгінуіңізге болады.

- Жароков көш. 196, 1 қабат

- Жетісу-3 ы/а, 37 үй.

*****

2013 жылғы 05 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» № 06-04/228 Заңның күшіне енуіне байланысты, Қызмет ұсынушы Тұтынушының дербес деректерін сақтықпен қамтуға міндетті.

Осыған байланысты, Сіздің дербес деректеріңізді – «Аты-жөнін, тегін, мекен-жайын, жеке куәлік құжатының мәліметтерін» өңдеуге жазбаша түрде келісім беруіңізді сұраймыз. Нұсқалған  мәліметтер Қызмет ұсынушының төлемге арналған (коммуналдық қызметтің есеп-шот түбіртектері) төлем құжаттарын құру үшін қолданылады.

Өтінішті үйдің (пәтердің) есептеуіш құрылғысының көрсеткішін түсіру, тексеру үшін келетін кәсіпорын өкіліне беруіңізге немесе кәсіпорынның тұтынушыларға қызмет көрсету Орталықтарына ұсынуыңызға болады. Өтінішке меншік иесінің жеке куәлік көшірмесі мен үйдің (пәтердің) меншіктік құқығын растайтын құжаттарының көшірмесін бірге ұсынуыңыз қажет.

 «Тоспа Су» МКК

******

Құрметті тұтынушылар!

Тұтынушының жеке кабинетінде Сіз:

• Жеке шотынызға қатысты ағымдағы ақпараттарды ала  аласыз;

• есептеулер мен төлемдер тарихын (мұрағатын) көре аласыз;

• есептеулер бойынша толық мәлімметтер аласыз;

• есептеу құралының көрсеткішін жібере аласыз;

• есептеу құралына  пломба қою, пломбасын алу туралы өтінішіңізді жолдауға болады;

• төлем жасайтын түбіртегіңізді шығара аласыз;

• ғаламтор арқылы төлем жасауға болады;

Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттердің барлығын ғаламтор желісіне қосылған  қалаған компьтер арқылы, қалаған уақытыңызда жүзеге асыра аласыз. Жеке кабинетте жұмыс істеу үшін сіз ең алдымен тіркелуіңіз қажет.

Тіркелу барысында Сіз өзіңіздің қолданыстағы  электрондық поштаңызбен соңғы жасаған төлеміңіздің соммасымен күнін көрсетуіңіз керек.

Жеке кабинетке қатысты барлық сұрақтарыңызды  Web-порталдың мамандарына келесі телефондар бойынша +7 (727) 396-95-66 немесе almatysu@mail.ru  электрондық пошталарына хат жіберу арқылы қоя аласыз.

******

Құрметті Тұтынушылар! 

«Алматы Су Холдингі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Сіздерден суды ұрлау және ағынды суды қалалық кәрізға/кәрізге заңсыз құю жағдайларын анықтауға ықпал етуіңізді өтінеді. 

Суды ұрлау мен ағынды суды қалалық кәрізге заңсыз құю кәсіпорынға, демек қаламызға да елеулі зиян келтіреді. Сондықтан осы жағдайды дер кезінде анықтау – біздің ортақ міндетіміз, оның шешімі қаламызға, сондай-ақ оның әрбір тұрғынына өз шарапатын тигізеді. 

Сіз өз ақпаратыңызды мына байланыс нөмірлеріне қалдыра аласыз:

  • Бірыңғай анықтама қызметі телефонына: 3 – 777 – 444,  
  • сенім телефонына: 245-95-28      8  702 -100-27-65 
  • кәсіпорынның электронды поштасына жаза аласыз - almatysu@mail.ru 

  Сізге ғана мәлім заңсыз су ұрлау фактілері болуы мүмкін.

Біз Сіздің көмігіңізге шын жүректен сенеміз. «Алматы Су Холдингі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына ұсынған Сіздің кез келген ақпаратыңыздың маңызы зор! Сіздің ешбір хабарламаңыз назардан тыс қалмайды.

Біздің міндетіміз – «су – тіршілік көзі» деген сөзді қала тұрғындарының ұдайы естен шығармауына қол жеткізу. Су сияқты маңызды табиғи қорды ұрлау мен бейберекет қолдануға жол бермеу керек! Су қорының таусылмас шексіз еместігін барлығы да жақсы біледі.