245-95-28

Телефон

доверия

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ
АҚПАРАТ

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

Еңбек қаупсыздік

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметі туралы ереже (әрі қарай – Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнің 339 бабының 2 тармағына сәйкес дайындалған және жұмыс орындарында еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша жұмыс берушімен  орнатылған талаптардың орындалуына және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша дереу шаралар қолдануға бағытталған.

        Еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарының сақталуына ішкі бақылау жүргізу мақсатында Кәсіпорында еңбекті қорғауды басқару жүйесі (ЕҚБЖ) құрылған. ЕҚБЖ-не еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша жұмысты ұйымдастырудың бірыңғай тәртібін орнататын ережелер мен іс-шаралар (еңбекті қорғау саласындағы нұсқаулар, бұйрықтар, рұқсаттар және т.б. нормативтік құжаттар) кешені кіреді. ЕҚБЖ мақсаты – қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, жұмысшыларға қауіпті және зиянды факторлардың әсерін жою, өндiрiстiк жарақаттануды және кәсiби ауруларды ескерту.

          ЕҚБЖ нормативтік негіздемесі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 15.05.2007ж. №251-111 Еңбек кодексi, Қазақстан Республикасының 03.04.2002ж. №314-11 «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Заңы және еңбекті қорғау бойынша басқа заңнамалық және нормативтік актілер. Ішкі бақылау жүйесіне еңбек жағдайын байқауды ұйымдастыру, өндірістік бақылау мәліметтеріне жедел талдау жүргізу, еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарымен сәйкессіздік анықталған жағдайда оларды жою бойынша шаралар қолдану кіреді.

          Өз жұмысында Қызмет – мемлекеттік еңбек инспекциясымен, мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарымен, Кәсіпорынның еңбекті қорғау бойынша жұмысшылар өкілдерімен және қоғамдық инспекторлармен бірлесіп жұмыс жүргізеді.

          Еңбекті қорғау қызметі:

  • мерзімдік медициналық қараудан өткізуді ұйымдастыру;
  • бөлімшелерде еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайларына кешенді тексеру өткізуді ұйымдастыру;
  • Кәсіпорынның бөлімшелерінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша заңнамалық актілері талаптарының орындалуы мен сақталуын бақылау;
  • еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша ИТЖ мен жұмысшыларды оқыту және аттестаттау;
  • еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша кеңес өткізуді ұйымдастыру;
  • тексеру актілері мен ұйғарымдардың, оның ішінде бақылау органдарынан келетін, орындалуын бақылау;
  • еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша ережелерді дайындау және енгізу;
  • Кәсіпорынның бөлімшелерінде еңбекті қорғау және еңбек жағдайларын жақсарту бойынша ұйымдастырушылық-техникалық шаралардың кешенді жоспарының орындалуын бақылау;
  • Статистика басқармасына, ТЖД, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша статистикалық және ведомстволық есептерді жасау;
  • Кәсіпорынның бөлімшелерінде еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласына қатысты методикалық көмек көрсету;
  • еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтарды дайындау және жандандыру;
  • жоғарғы мекемелерден келіп түсетін ақпараттардың орындалуы бойынша бұйрықтар, өкімдер, жоспарлар жобасын дайындау;
  • өндірісте болған жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысу;
  • рұқсаттама-жүктелім бойынша жұмыстардың ұйымдастырылуын тексеру;
  • Кәсіпорын қызметкерлерінің арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін бақылау;
  • қызметкерлердің медициналық қобдишалармен, сүтпен, жуу құралдарымен қамтамасыз етілуін бақылау жұмыстарын жүзеге асырады.