245-95-28

Телефон

доверия

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ
АҚПАРАТ

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

Кәріз қызметі үшін есептеулер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілген.  Есептеулер МИО келісімінен кейін жүргізілді.

Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңының 4 бабының 1 тармағының 12 тармақшасына сәйкес, кәріз жүйесінің қызметі табиғи монополиялар аясына жатады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 Қаулысымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесі бойынша кәріз жүйелері саласындағы реттелетін қызметтерге жатқызылды: 1) сарқынды суды бұру; 2) сарқынды суды тазарту.

«Тоспа Су» МКК осы шараларды толығымен жүзеге асырады. Сарқынды сулар ағызу орындарына (жинау орны) түскеннен кейін «Тоспа Су» МКК кәріз желілерімен Алматы облысы Іле ауданында орналасқан Аэрация станциясына жеткізіледі, онда тиісті деңгейге дейін күрделі технологиялық процесстен (механикалық және биологиялық тазарту, тұндырғыш, т.б.) өтіп,  Сорбұлақ сарқынды сулар жинауышына ағызылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы                       № 788 қаулысымен бекітілген «Елді мекендердің су бұру жүйелеріне сарқынды суларды қабылдау ережесіне» сәйкес, су бұру жүйелеріне қосылмаған тұтынушылардың шығарылатын коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік сарқынды суларын қабылдау жабдықталған төгу пункттерінде жүргізіледі. Сарқынды суларды септиктен (шұңқырдан) қалалық кәріз жүйелеріне дейін жеткізу Тұтынушылардың өз күшімен ассенизатор көліктерін жалдау арқылы жүзеге асырылады.

Тұтынушының құйылған ағынды сулар көлемінің ақысын ассенизаторлық көліктің иелері төлемейтін, кәріздер жүйесі саласы қызметтерінің төлемін Тұтынушы өзі жүргізетін.

Сонымен, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көрсетілген көлемін анықтау Әдістемесінің сол уақытта қолданылған баспасы бойынша, көрсетілген су бұру қызметінің көлемі сумен (ыстық, техникалық, ауыз су), оның ішінде шұңқырға (септикке) сарқынды суды бұру немесе оқшау тазарту құрылыстары кезінде сумен жабдықтау қызметінің көлеміне тең қабылданады.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 5 маусымдағы № 832 Қаулысымен бекітілген, Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережесінің 17 тармағына сәйкес, ауыз суды жасыл желектерді суаруға, аумақтарға, жолдарға, тротуарлар мен өтпе жолдарға себуге, көшелерді және алаңдарды жууға пайдалану кезінде арнайы су пайдалануға рұқсатқа сәйкес суару уақытын, тұтынушы орнататын арнайы суару құрылғыларын қосу немесе су алу пункттерінің орнын қызмет көрсетуші белгілейді.

Бұл ретте суару үшін су жеткізетін желілер сумен жабдықтау желілеріне қосылатын жерде есепке алу аспаптарымен (су өлшеуіш) және жабу вентилімен жарақтандырылады.

Деректер базасында суды есептеу құралы тіркелген болса есептеу оның көрсеткішіне сәйкес жүргізіледі, негізгі су өлшеуіші мен қосымша су өлшеуішінің айырмашылығынан суғаруға жұмсалатын судың шығынын анықтау үшін бөлек қосымша су есептегіші орнатылған болса, суаруға  пайдаланылатын су сарқынды суларды бұру қызметіне есептеу жүргізуде ескерілмейді.

«Тоспа Су» ЕМКК кәріз желілеріне қосылмаған тұрғындарға сарқынды суларды ағызу және тазарту қызметтеріне есептеу жүргізген әрекеті 17.06.2010 жылы заңды күшіне енген Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 18.03.2010 жылғы шешімімен заңға сай деп танылды.

Алматы қаласы әкімдігі ҚР Өңірлік даму министрлігіне 02.04.2014 жылғы шығ. № 2-50/719 және ҚР Ұлттық экономика министрлігіне шығ. № 5-50.1139-И жоғарыда аталған Әдістемеге, демек су бұру көлемін су бұру жүйесіне қабылданған сарқынды сулардың нақты көлеміне тең  анықтау бөліміне өзгерістер енгізу жөніндегі хаттарын жолдаған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 159 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық) 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 Сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көрсетілген көлемін анықтау Әдістемесіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты, елді мекеннің су бұру жүйесіне тікелей қосылмаған, суды тұрмыстық тұтыну үшін қолданатын, сұйық тұрмыстық қалдықтарды шығару және оларды елді мекеннің су бұру жүйесіне төгу үшін арнайы автокөлігінің қызметін пайдаланатын тұтынушыларға көрсетілген су бұру қызметінің көлемі елді мекеннің ағызу пунктінде (станциясында) су бұру жүйесіне қабылданған сарқынды сулардың нақты көлеміне тең қабылданады.

Елді мекеннің (қызмет көрсетушінің) су бұру жүйесінің ағызу пунктінде қабылданған сарқынды сулардың көлемі көлік құралының сыйымдылық көлемі бойынша анықталады.

Аталған өзгерістер 2015 жылдың 02 мамыр күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

Осы күнінен бастап елді мекеннің су бұру жүйесіне қосылмаған тұтынушыларға сарқынды суларды бұру қызметіне есептеу жүргізілмейді, есептеу сарқынды суларды бұру қызметіне сұйық қалдықтарды тасымалдайтын ассенизатор көліктерінің қожайындарына жүргізеді. Өз кезегінде ассенизатор көліктерінің қожайындары төлемді су бұру жүйесінің ағызу пунктінде көлік құралының сыйымдылық көлемі бойынша жүргізеді.

Онымен бірге, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 37 бабының 1 тармағына сәйкес, нормативтiк құқықтық актiнiң күшi оны күшiне енгiзгенге дейiн пайда болған қатынастарға қолданылмайды.

Сондықтан елді мекеннің су бұру жүйесіне қосылмаған тұтынушыларға  2015 жылдың 02 мамыр күніне дейін сарқынды суларды бұру қызметіне есептеу сол кезде қолданыста болған заңға сәйкес орындалған, сондай-ақ төлемі жүргізілуі тиіс.

2016 жылдың 22 маусым күніне елді мекеннің су бұру жүйесіне қосылмаған (септик) Тұтынушылардың дебиторлық берешегі 354,1 млн.теңгені құрайды, оның ішінде ИТҚ – 140,3 млн.теңге, тұрғындар ұжымы 213, 8 млн.теңге.

Кәсіпорын өз еркімен осы берешекті алып тастай алмайды.