Внимание

Уважаемые Потребители! Если Вы столкнулись с неправомерными действиями со стороны сотрудников, грубостью, незаконными требованиями, бездействием, вымогательством и другими признаками коррупционных правонарушений или у Вас имеются предложения по повышению уровня обслуживания потребителей, просим Вас сообщать об этом по следующим номерам: 8 (727) 245-95-28 almatysu@mail.ru . pressa@almatysu.kz Все материалы, поступающие по «телефону доверия»  записываются на автоответчик и анализируются. По всем фактам будут проведены служебные расследования.

Текст бегущей строки...

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ

СУДЫ БҰРУ

Канализациялық коллекторлар мен желілер

Алматы қаласының канализациясы қазіргі уақытта толық емес бөлек жүйе бойынша жұмыс істейді, біреуі – суды кіші өзендерге бұратын, бұдан бұрын  "Алматыблагоустройство" қызмет көрсеткен нөсерлік (арықтық) канализация, ал екіншісі – "Тоспа Су" МКК-мен қызмет көрсетілетін, өнеркәсіптік және шаруашылық-тұрмыстық ағындарға арналған жалпы қалалық канализация.

Сыртқы канализациялық желі қаланың барлық негізгі көшелерімен өтеді.

Оңтүстіктен солүстікке қарай созылып жатқан, құбыр диаметрі 400 ден 1500 мм дейінгі және орналастыру тереңдігі 1,5 тен 7,0 м дейінгі негізгі коллекторлар, одан кейін қала сыртында орналасқан тiк төртбұрышты қимасы 1300 х 1800 ден 1800 х 2000 мм дейінгі коллекторлар сарқынды суларды қалалық тазарту ғимараттарына тасымалдайды. Қаланың биік орналасуы сарқынды сулардың негізгі көлемінің өздігінен ағуын қамтамасыз етеді, сонымен бiрге жергілікті табиғи рельеф қолайлы қолданылады.

Қаланың солтүстік-шығысының, Талғар қаласы мен Алатау кентін қосқанда, сарқынды сулары өзі ағатын коллекторлар арқылы КСС-1, КСС-2 мен КСС-2а сорғыш станциялар тобына келіп түседі, одан диаметрлері 300 ден 1200 мм дейінгі ағынды құбырлармен қала сыртындағы коллекторларға жіберіледі. Бұл коллекторларға Өтеген батыр кентінің (ГРЭС) сарқынды сулары да түседі. Қала сыртындағы коллекторлар 3 желіден тұрады.

"Тоспа Су" МКК пайдалану қызметтері қаланың канализациялық желілеріне тәулік бойы қызмет көрсетеді.

Жалпы қалалық канализацияға түскен қаланың сарқынды суларының көлемі Аэрация станциясында алдын ала өлшеніп, тазаланады.

Қаланың канализациялық желілерінің ұзындығы  – 13 867 850,25 метр

Канализациялық құдықтар мен камералар саны – 51 214 дана.