245-95-28

Телефон

доверия

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ
АҚПАРАТ

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

(Русский) Качество очистки стоков

Тазартудың технологиялық циклының қысқаша сипаттамасы

Сарқынды сулар қала сыртындағы үш қалалық коллекторлармен және диаметрі 1000 мм Боралдай коллекторымен тазарту ғимараттарына келіп түседі. Жылдамдықтарды теңестіруге және сарқынды суларды торларға бiр қалыпты таратуға қабылдау камерасы қызмет етеді. Камерадан шыққан сарқынды сулар каналдармен торларға бағытталады. Жеткізгіш арналарда резервтік торлардың жұмысын тоқтатуға арналған электр жылжытқышы бар сұқпа жапқыштар орнатылған.

Торларда ұсталған шығындылар гидро шаю арқылы арнайы контейнерлерге жиналып, хлорлы әк ерiтiндiсімен зарарсыздандырылады.

Ауыр бөлшектер, негізінен минералды өнімдер, көлденең құмтұтқыштарда ұсталады. Тұнбаға түскен құм гидравликалық жүйемен шұңқыршаға тасымалданып, одан су элеваторлары арқылы құм алаңдарына жіберіледі. Құмтұтқыштардан кейін сарқынды сулар сандық өлшемi жүргізілетін ортақ арықпен алғашқы тұндырғыштардың таратушы тостағанына (камерасына) түседi.

Тазартуға келіп түскен сарқынды сулардың шығыны, «Взлет» маркалы ультрадыбыстық шығынөлшеуiшi бар стандартты темiрбетонды арықта өлшенеді.

Сарқынды сулардан ауырлық күштiң әсерiнен отыруға немесе қалқуға қабiлеттi қалқыма заттар алғашқы радиал тұндырғыштарында алынады. Әр тұндырғыштан түскен шикi тұнба лай қырғыштары бар фермада орнатылған қырғыштармен шұңқыршаға жылжытылып, одан сорғыштармен лай алаңдарына беріледі. Тұндырылған сарқынды сулар ортақ каналға жиналып, Алматы дюкерімен биологиялық тазарту ғимараттарына бағытталады.

Каналда биологиялық тазартудың алдында реттеуші-шлюз орнатылған, ол сарқынды суларды не биологиялық тазарту каналына, не биологиялық тазарту ғимараттарына жібермей бұру каналдарымен жинақтауыштардың жүйесiне тарата алады. Екінші кезектегі биологиялық тазарту iске қосылғаннан бастап, барлық сарқынды сулар оның ғимараттарында тазартудан өтеді.

Сарқынды сулар темірбетонды қабылдау каналымен эрлифті сорғыш камераларына келіп түседі, одан эрлифтермен аэротенктерге жіберіледі. Микроорганизмдердің тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында, сарқынды суларды тазартуда аэротенктерге ауа үрлеу сорғыш станциясынан ауа беріледі.

Тазартылған сарқынды сулар мен белсендi лай қоспалары аэротенктерден кейін екінші тұндырғыштардың лай қоспаларының каналына жиналады. Екінші тұндырғыштарда белсендi лай отырады және лай камералары, содан кейін қайтарымды эрлифтер арқылы аэротенктердің лай каналдарына жіберіліп, одан біртіндеп аэротенктерге қайтарылады. Артық белсендi лай бас сорғыш станциясының сорғыштарымен алғашқы тұндырғыштардың қабылдау камерасына құйылады. Алғашқы тұндырғыштардан артық лай шикі тұнбамен бірге лай алаңдарына жіберіледі.

Механикалық және биологиялық тазарту ғимараттарының жобалық (жоспарлы) өнiмдiлiгi тәулігіне 640 мың.м3 құрайды.

Аэрация станциясына келіп түсетін Алматы қаласының сарқынды суларының жылдық нақты көлемі ұзақ жылдар бойына (қаланың өсуiне байланысты) өсіп, 1990 жылы ең жоғары мәреге жетті. 1990 жылы тазарту ғимараттарынан 212,88 млн.м3 (орта есеппен тәулігіне 583 мың. м3) сарқынды сулар өткен.

Одан кейінгі жылдары сарқынды сулардың көлемі күрт азайды, 2005-2010жж. орта есеппен – тәулігіне 380 мың.м3, жылына 130-139 млн.м3 құрады.

Тазарту ғимараттарына сарқынды сулардың келіп түсу динамикасы

Ай бойынша келіп түсу

Өлшем бiрлiгi

2008

2009

2010

2011

(қаңтар)

мың.м3

        12 302  

        11 043  

       10 700  

11 578

(ақпан)

 

        12 018  

        10 330  

       10 118  

10 780

(наурыз)

 

        12 641  

        11 510  

       11 633  

12 163

1 тоқсан

мың.м3

        36 961  

        32 883  

       32 451  

34 523

(сәуір)

 

        11 559  

        11 614  

       11 167  

11 646

(мамыр)

 

        11 498  

        10 890  

       11 069  

 

(маусым)

 

        10 785  

        10 040  

       10 308  

 

2 тоқсан

мың.м3

        33 841  

        32 544  

       32 544  

 

(шілде)

 

        10 867  

        10 064  

       10 308  

 

(тамыз)

 

        10 740  

        10 268  

       10 837  

 

(қыркүйек)

 

        10 518  

        10 281  

         9 990  

 

3 тоқсан

мың.м3

        32 126  

        30 613  

       31 135  

 

(қазан)

 

        11 206  

        10 928  

       10 771  

 

(қараша)

 

        10 883  

        10 410  

       10 685  

 

(желтоқсан)

 

        11 370  

        10 627  

       11 362  

 

4 тоқсан

мың.м3

        33 459  

        31 965  

       32 818  

 

БАРЛЫҒЫ

мың.м3

      136 387  

      128 011  

     129 066  

 

 

Су тасқыны кезеңінде ғимараттарға келіп түсетін судың ең жоғарғы шығыны 8,5-9 м3/сек құрайды.

Аэрация станциясының зертханасының мәліметтері бойынша 2000-2013 жылдардағы сарқынды суларды тазартудың тиiмдiлiгі мынандай:

Қалқыма заттар

-   95,9 -:- 96,92 %

Орташа – 96,4%

ОБҚ толық

-   91,71 -:- 95,4 %

Орташа – 94,1%

ОХҚ

-   91,07 -:- 94,8 %

Орташа – 92,8%

Темір жалпы

-   78,0 -:- 92,78 %

Орташа – 87,5%

СББЗ

-   73,68 -:- 89,8 %

Орташа – 82,3%

Тазартылған су, ұзындығы 49 км каналмен Сорбұлақ жинақтауышына немесе Оңжағалық Сорбұлақ каналының (ОСК) су қоймасы тоғандарының жүйесіне жіберіледі, одан сулардың бір бөлігі Іле өзеніне ағызылуы мүмкін.