Внимание

Уважаемые Потребители! Если Вы столкнулись с неправомерными действиями со стороны сотрудников, грубостью, незаконными требованиями, бездействием, вымогательством и другими признаками коррупционных правонарушений или у Вас имеются предложения по повышению уровня обслуживания потребителей, просим Вас сообщать об этом по следующим номерам: 8 (727) 245-95-28 almatysu@mail.ru . pressa@almatysu.kz Все материалы, поступающие по «телефону доверия»  записываются на автоответчик и анализируются. По всем фактам будут проведены служебные расследования.

Текст бегущей строки...

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ

СУДЫҢ САПАСЫҢ БАКЫЛАУ

1998 жылы ОСК (Оңжағалаулы Сорбұлақ каналы) апаттық ағызу каналының трассасында биологиялық тазарту және сарқынды судың уланғанын азайту мақсатында жоғарғы сулы өсімдіктердің көмегімен биологиялық тоған салынды, онда қамысты өсімдіктер өсіру көзделген, мақсат – сарқынды суларды тұздан, ауыр металдардан тазарта түсу үші

ОСК су қоймалары, Сорбұлақ жинақтауышы мен бөлу каналдарының жағдайы мен су кестесі үнемі инженерлік бақылауда. Апта сайын, бекітілген кесте бойынша,  сарқынды суларға лабораториялық талдау жасалып отырылады.

Тазаланған сарқынды судың қозғалысының технологиялық режимі, арнайы ұйымдардың жасаған, санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық мекемелердің бекітуінен өткен, ШЖЛ (шектеулі жіберілетін лақтыру) жобасы белгілеген нормаға сай өтеді.

Алматы қаласының канализациялық желілері, тазарту станциясы мен жинақтауыштарының кешендерін пайдалануда, су айыру бөлімдерінің барлық сатысында тиісті  бақылау жүргізіледі, сондай-ақ, желілерге, қондырғылар мен ғимараттарға жоспарлы түде ағымды және күрделі жөндеулер өткізіледі. 

Тазаланған сарқынды суды  Іле өзеніне лақтыруда құйылатын судың анализі апта сайын тексерстен өтіп, судың байқауы құйылатын жағалаудан 500 метрге жуық жерден алынады. Анализдердің қорытындысы байқаудағы судың ингридиенттердің құрамы балық шаруашылығының маңыздылығына сай. Сарқынды судың жалпы минерализациясы өзен суынан айырмашылығы өте аз, ал кейбір көрсеткіштер 2-3 саты жоғары.

Ең соңғы Іле өзеніне лақтыру 2006 жылы, 22792 мың м3 көлемде болған.

Айта кететін жағдай, әлемдік қабылданған технологиялық сызбаға сай қалалық сарқынды сулар,  механикалық және биологиялық тазартудан кейін (Алматы қаласындай) өзенге 1: 10 сәйкестікпен құйылады.

Біздің жағдайға байланысты, құйылу кезінде 1:120, 1:150 көлемінде қосылыстар жүргізіледі, құйылатын сарқын судың сапасы Іле өзеніне ешбір әсер етпейді.

Келіп түскен және тазаланған  саоқынды судың сапасын бақылау үшін, барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген арнайы зетрхана жұмыс жасайды

ЕМКК «Тоспа Су»-дың аналитикалық зетрханасы Аэрация стансасының тазалау ғимараттарында орналасқан және сарқынды суды тазалау кезінде  және канал мен жинақтауыш, сондай-ақ тазартылған судың бөлігін Іле өзеніне лақтыру кезінде,  сарқынды судың тазартылу сапасының көрсеткіштерін бақылап отырады.