245-95-28

Телефон

доверия

ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ
АҚПАРАТ

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

Сорбулақ

Сорбұлақ және ОСК жинақтауыштары

Сорбұлақ жинақтауышы – қаланың сарқынды суларын сақтауға арналған Алматы қаласының солтүстік-батысындағы табиғи тұйықталған шұңқыр. Жинақтауыш Алматы облысының Іле ауданында орналасқан. Оның ең жоғарғы тереңдiгi 25 метрден астам, ал айна ауданы 58 шаршы километр.

Жинақтауыш ғимаратына 1991 жылы көлік жолдарын судың басуынан қорғау және таяз суларды бұру мақсатында салынған, екі төмен ағынды жер бөгеттері – № 1 және № 2 бөгеттер кіреді.

Сорбұлақ жинақтауышының толмасы мен бөгетінің негізі тереңдігі 55 метрлік ортатөрттік қалдықтар кейiнге қалдыруларды аз өтейтiн қалыңдық, одан төмен лайлық региондық сутірегі орналасқан. Аймақ пен толмада ашық  аймақтық тектоникалық сынба жоқ және тілік судың көтерілуі байқалмайды.

Жинақтауыштың толмасының астындағы аз өтетін қалыңдықтардың барлығы, кез-келген сыйымдылығы бар жинақтауыштың осы ауданның сейсмикалық белсенділігінің ұлғаюына ықпал бермейтіні жайында тұжырым жасауға негіз бере алады.

 Жер асты суының деңгейі мен тәртібін бақылауға Сорбұлақтан батысқа ұзын Қарғалы өзеніне дейін 21 режимді ұңғымалар жармасы қондырылған, жинақтауышта су деңгейін бекітуге гидроөткел жинақталған.

       

Суретте – «Сорбұлақ» жинақтауышы

ОСК жинақтауыштары

        ОСК-ның басты қондырғысы  – Сорбұлақ сарқынды судың жинақтауышының ағызу каналының кірер тұсынан 6 шақырым жерде орналасқан суайырғыш болып табылады. Суайырғыш әр қайсысында үш қалқанды жапқыштан тұратын 2 сәйкес реттеуіштен тұрады.

Каналдың трассасы жер құрамын шайып кетпес минималды еңіспен топырақ алапта жасалған.

ОСК бас бөлігінде, 2 мен 22 шақырым аралығында, канал трассасы бойында жердiң табиғи төмендеулерiнде жинақтауыш-су қоймасы ретінде пайдаланатын бiрнеше еңістіктер бар.

      

Су қоймасының толтырғыштары жерлік плотиналарда су шығаратын қондырғылармен, және плотинаның жағалауынан асып кетпеуін қамтамасыз ететін автоматтандырылған сукұйылғыштары бар. №1, №2, №3 су қоймалары және екі тоған №1а мен  №1б өзара каналдың қосындылармен ұштастырылып, жер қойнауымен өтеді. Су қоймалары мен тоғандардың жалпы сиымдылығы – 50,3 млн.м3. Канал мен қондырғыларды пайдалану үшін, жағалауы бойынша инспекторлық жол салынған.

1993  жылдың мамыр айында,  ОСК жалғасы болып табылатын, «Оңжағалау Сорбұлақ каналының апаттақ лақтыру» жайлы ТЭЕ бекітілген. Бұл жағдайда ағынды су Іле өзеніне бағытталуы қарастырылған (Қапшағай гидроторабынан 3 км төмен).

 

Суармалы жерлерге су аз алынғанда және булану процесі аз жағдайда су тепе-теңдігін сақтау алмағанда, апаттық төгу, тазаланған артық сарқынды суды Іле өзеніне бағыттауға арналған. Апаттақ канал -  Сорбулақ жинақтауышын, сондай-ақ ОСК су қоймаларын толып кетуінен сақтау үшін салынған. Апаттық каналының құрылысының бірінші кезегі 1995 жылы  аяқталған. Ұзындығы 1500 метр каналдың соңғы бөлігі, жалпы айырмашылығы 160 метрлік тас бөліктен тұратын эрозиондық қиындымен өтеді.  Дәл қазіргі уақытта апаттық каналдың өткізу қабілеті секундына 4,5-5,0 м3.

Бүкіл бөлу каналдырының жүйесі бойынша посттарда күндіз-түні кезекшілік ұйымдастырылған.  Жинақтауыштардың толтырылуына, гидробағанның ұңғымаларының су деңгейіне, каналдағы  қондырғылардың жағдайы мен олардың жұмысына бақылау жүргізіледі. 1998 жылы ОСК-ның Апаттық ағызу каналының  трассасында биологиялық тазарту және сарқын судың су өсімдіктері арқылы зияндылығын азайту мақсатында биотоған салынып, онда қамыс құрақты өсімдіктер өсіріліп, тұздар мен ауыр металдардан арылтуға көп әсерін тигізді. 

ОСК су қоймалары, Сорбұлақ жинақтауышы мен бөлу каналдарының жұмысы мен су кестесіне тұрақты инженерлік бақылау жүргізіледі. Әр апта сайын, бекітілген кесте бойынша, сарқынды судан  сынамалы талдау жасалынады.

Алматы қаласының канализациялық желілері, тазарту станциясы мен жинақтауыштарының кешендерін пайдалануда, су айыру бөлімдерінің барлық сатысында тиісті  бақылау жүргізіледі, сондай-ақ, желілерге, қондырғылар мен ғимараттарға жоспарлы түде ағымды және күрделі жөндеулер өткізіледі.