Личный кабинет
Внимание

Уважаемые Потребители! Если Вы столкнулись с неправомерными действиями со стороны сотрудников, грубостью, незаконными требованиями, бездействием, вымогательством и другими признаками коррупционных правонарушений или у Вас имеются предложения по повышению уровня обслуживания потребителей, просим Вас сообщать об этом по следующим номерам: 8 (727) 245-95-28      8  702 -100-27-65 . Все материалы, поступающие по «телефону доверия»  записываются на автоответчик и анализируются. По всем фактам будут проведены служебные расследования.

Текст бегущей строки...
ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ
АҚПАРАТ

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

  • ГКП "Бастау"
  • ГКП "Холдинг Алматы Су"
  • ГКП "Су желісi"

Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргiзу құқығындағы «Тоспа Су», мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны, «Тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі табиғи монополия субьектісінің қызметі туралы  жыл сайынғы есепті өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  2014 жылғы 18 желтоқсандағы  №150 бұйрығына сәйкес, 2015 жылғы тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға суды бұру қызметі көрсетулерін ұсыну жөніндегі қызметі туралы есепті өткізу, 2016 жылды 13 сәуір сағат 11:00 де, келесі мекен-жайында болатынын хабардар етеді, Алматы қаласы, 8 ықшам ауданы, 82а үй (Алтынсарин даңғылы, Шаляпина көшесінің қиылысы)

*****

Құрметті Наурызбай ауданының тұрғындары!

Келісім-шартқа отыру үшін келесі құжаттардың көшірмелері болуы қажет:

  1. Жеке куәлік;
  2. Тіркелген  адам басына ХҚКО-нан мекен-жай анықтамасын акелу;
  3. Жер телімінің жеке меншік иелігінің құқығын растайтын актісі;
  4. Техникалық төлқұжат (жеке тұрғын-үй, саяжай, гараж);
  5. Құқыққұрайтын құжат: сатып-алу келісім-шарты, мирасқор құқығы туралы куәлік; сыйға берукелісім-шарты, тіркелу куәлігі, Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы, жекешелендіру келісім-шарты;

Барлық сұрақтар бойынша Сіз «Алматы Су Холдингі» МКК Тұтынушыларға қызмет көрсету Орталығына жүгінуіңізге болады.

- Жароков көш. 196, 1 қабат

- Жетісу-3 ы/а, 37 үй.

*****

2013 жылғы 05 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» № 06-04/228 Заңның күшіне енуіне байланысты, Қызмет ұсынушы Тұтынушының дербес деректерін сақтықпен қамтуға міндетті.

Осыған байланысты, Сіздің дербес деректеріңізді – «Аты-жөнін, тегін, мекен-жайын, жеке куәлік құжатының мәліметтерін» өңдеуге жазбаша түрде келісім беруіңізді сұраймыз. Нұсқалған  мәліметтер Қызмет ұсынушының төлемге арналған (коммуналдық қызметтің есеп-шот түбіртектері) төлем құжаттарын құру үшін қолданылады.

Өтінішті үйдің (пәтердің) есептеуіш құрылғысының көрсеткішін түсіру, тексеру үшін келетін кәсіпорын өкіліне беруіңізге немесе кәсіпорынның тұтынушыларға қызмет көрсету Орталықтарына ұсынуыңызға болады. Өтінішке меншік иесінің жеке куәлік көшірмесі мен үйдің (пәтердің) меншіктік құқығын растайтын құжаттарының көшірмесін бірге ұсынуыңыз қажет.

 «Тоспа Су» МКК

******

Құрметті тұтынушылар!

Тұтынушының жеке кабинетінде Сіз:

• Жеке шотынызға қатысты ағымдағы ақпараттарды ала  аласыз;

• есептеулер мен төлемдер тарихын (мұрағатын) көре аласыз;

• есептеулер бойынша толық мәлімметтер аласыз;

• есептеу құралының көрсеткішін жібере аласыз;

• есептеу құралына  пломба қою, пломбасын алу туралы өтінішіңізді жолдауға болады;

• төлем жасайтын түбіртегіңізді шығара аласыз;

• ғаламтор арқылы төлем жасауға болады;

Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттердің барлығын ғаламтор желісіне қосылған  қалаған компьтер арқылы, қалаған уақытыңызда жүзеге асыра аласыз. Жеке кабинетте жұмыс істеу үшін сіз ең алдымен тіркелуіңіз қажет.

Тіркелу барысында Сіз өзіңіздің қолданыстағы  электрондық поштаңызбен соңғы жасаған төлеміңіздің соммасымен күнін көрсетуіңіз керек.

Жеке кабинетке қатысты барлық сұрақтарыңызды  Web-порталдың мамандарына келесі телефондар бойынша +7 (727) 396-95-66 немесе   электрондық пошталарына хат жіберу арқылы қоя аласыз.

******

Құрметті Тұтынушылар! 

«Алматы Су Холдингі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Сіздерден суды ұрлау және ағынды суды қалалық кәрізға/кәрізге заңсыз құю жағдайларын анықтауға ықпал етуіңізді өтінеді. 

Суды ұрлау мен ағынды суды қалалық кәрізге заңсыз құю кәсіпорынға, демек қаламызға да елеулі зиян келтіреді. Сондықтан осы жағдайды дер кезінде анықтау – біздің ортақ міндетіміз, оның шешімі қаламызға, сондай-ақ оның әрбір тұрғынына өз шарапатын тигізеді. 

Сіз өз ақпаратыңызды мына байланыс нөмірлеріне қалдыра аласыз:

  • Бірыңғай анықтама қызметі телефонына: 3 – 777 – 444,  
  • сенім телефонына: 245-95-28      8  702 -100-27-65 
  • кәсіпорынның электронды поштасына жаза аласыз - [email protected] 

  Сізге ғана мәлім заңсыз су ұрлау фактілері болуы мүмкін.

Біз Сіздің көмігіңізге шын жүректен сенеміз. «Алматы Су Холдингі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына ұсынған Сіздің кез келген ақпаратыңыздың маңызы зор! Сіздің ешбір хабарламаңыз назардан тыс қалмайды.

Біздің міндетіміз – «су – тіршілік көзі» деген сөзді қала тұрғындарының ұдайы естен шығармауына қол жеткізу. Су сияқты маңызды табиғи қорды ұрлау мен бейберекет қолдануға жол бермеу керек! Су қорының таусылмас шексіз еместігін барлығы да жақсы біледі.