Личный кабинет
Внимание

Уважаемые Потребители! Если Вы столкнулись с неправомерными действиями со стороны сотрудников, грубостью, незаконными требованиями, бездействием, вымогательством и другими признаками коррупционных правонарушений или у Вас имеются предложения по повышению уровня обслуживания потребителей, просим Вас сообщать об этом по следующим номерам: 8 (727) 245-95-28      8  702 -100-27-65 . Все материалы, поступающие по «телефону доверия»  записываются на автоответчик и анализируются. По всем фактам будут проведены служебные расследования.

Текст бегущей строки...
ПОСЛЕДНИЕ НОВОСТИ
АҚПАРАТ

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

  • ГКП "Бастау"
  • ГКП "Холдинг Алматы Су"
  • ГКП "Су желісi"

Орталық кәріз желілеріне қосылмаған тұтынушыларға кәріз қызметі үшін есептеу ҚР қолданыстағы заңнамасының негізінде жүргізілген.

Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңының (әрі қарай – Заң) 4 бабының 1 тармағының 12 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасында кәріз жүйесінің қызметі табиғи монополиялар аясына жатады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 Қаулысымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесі бойынша кәріз жүйелері саласындағы реттелетін қызметтерге жатқызылды: 1) сарқынды суды бұру; 2) сарқынды суды тазарту.

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көрсетілген көлемін анықтау Әдістемесінің (2011 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7257 нөмірімен тіркелген) 5 тармағы бойынша, көрсетілген су бұру қызметінің көлемі, сумен (ыстық, техникалық, ауыз су), оның ішінде шұңқырға (септикке) сарқынды суды бұру немесе оқшау тазарту құрылыстары кезінде сумен жабдықтау қызметінің көлеміне тең қабылданады.

Орталық кәріз желілеріне қосылмаған тұтынушыларға (әрі қарай –Тұтынушы) кәріз жүйесі аясында қызмет көрсету мынадай тәртіпте жүзеге асырылады: Тұтынушылардың септиктерінен (шұңқырларынан) сарқынды суларды тартып шығаратын, сондай-ақ құбыр ретінде қолданылатын ассенизатор көліктері Тұтынушылардың сарқынды суларын толығымен қалалық кәріз жүйесіне төгеді. Бұдан әрі осы сарқынды сулар қалалық кәріз желілерімен кәріз тазарту құрылыстарына дейін тасымалданып, онда толық механикалық және биологиялық тазартудан өтеді. Одан кейін тазартылған сарқынды сулар арнайы каналдар арқылы сарқынды сулар жинауышына ағызылады.

Сарқынды суларды септиктен (шұңқырдан) қалалық кәріз жүйелеріне дейін жеткізу Тұтынушылардың өз күшімен жүзеге асырылады.

Ассенизатор көліктері ағызылған сарқынды сулардың көлеміне төлем жүргізбейді, кәріз жүйесі аясындағы қызмет үшін төлем Тұтынушының өзімен жүргізіледі.

Осы көлік иелері ағызу орындарында ешқандай төлем ақы жасамайды.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының  18.03.2010 жылғы шешімімен, апелляциялық сот алқасының 05.05.2010 жылғы қаулысымен, кассациялық сот алқасының 17.06.2010 жылғы қаулысымен кәсіпорынның кәріз желілеріне қосылмаған тұрғындарға сарқынды суларды ағызу және тазарту қызметтеріне есептеу жүргізген әрекеті заңға сай деп танылды.

ҚР орталық кәріз желілеріне қосылмаған тұтынушыларға есептеу жүргізу тәжірибесін талдай отырып, сондай-ақ заңнама нормаларын сақтау және күшіне енген сот шешімдерін орындау мақсатында «Тоспа Су» МКК 2013 жылдың қазан айынан бастап кәріз қызметі үшін есептеу жүргізуді қайта бастады.